Жеңіс күні қарсаңында жалпы білім беру пәндер кафедрасы 2023 жылдың 4 мамырында сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы ғылым минисрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің нұсқаулығына сәйкес «Еркін ел ұрпағы» жалпыхалықтық патриоттық диктант ұйымдастырылды. Инженерлік-гуманитарлық факультетінің 1 курс студенттері арасында (103 адам) мемлекеттік тілде диктант өткізілді. Бұл шараның мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін ұлықтау, ұлттық құндылықтар мен мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухты ұрпақ тәрбиелеу; қазақстандықтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тәрбиелеу.