2026 жылдың 9-қыркүйегінде Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында Университет Құрылтайшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның құрметті академигі Т.З.Рысбековтың «ҚАСИЕТТІ ДЕ ҚАСІРЕТТІ БӨКЕЙ ОРДАСЫ» атты монографиясының тұсаукесері өтті. «Фолиант» баспасынан шыққан көлемді зерттеу еңбегі өлке тарихын терең зерделеуге арналған.

«Тарихтың бірінші заңы – қандай да болмасын өтіріктен қорқу және қандай да болмасын шындықтан қорықпау» деген ежелгі концепцияны ұстанған ғалым 1801 жылы құрылған Бөкей Ордасының бүгінге дейінгі тарихының әр кезеңіне зерделі зерттеу жүргізген. Бөкей Ордасының тарих сахнасына шығуы, саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, өлкедегі реформалар мен өзгерістер, ұлт-азаттық қозғалыстар, Ресей құрамындағы бодандығы, Азамат және Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ел өмірі, сынақ полигонының қасіреттері, сондай-ақ тәуелсіздік кезіндегі жағдайы терең талданған.

Төрт тараудан тұратын іргелі еңбектің өскелең ұрпаққа туған өлкенің тарихын танытудағы маңызы аса зор. Кітап жалпы білім беретін мектептердің тарих пәні мұғалімдеріне, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім алушыларына, сондай-ақ өлке тарихына қызығушылық танытатын оқырмандарға құнды дереккөз болып табылады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz