14.02.2023 ж.сағат 15.00-де құқық қорғау органдарының ардагері, БҚО полиция департаменті ардагерлер ұйымы кеңесінің хатшысы, әділет подполковнигі Людмила Ильинчина Муратова БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің 6В04202 Құқықтану Білім беру бағдарламасының 1 және 2 курс студенттеріне дәріс оқыды. Дәріскер тақырыпты кең көлемде қамтыды, студенттер тергеушілердің жұмысы, тергеу әрекеттері, жалпы құқық қорғау қызметі туралы белсенді сұрақтар қойды және Л. И. Муратованың жеке тәжірибесінен тиісті жауаптар алды.