2023 жылдың 16 ақпанында БҚИТУ ИГФ – ң 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне «Кенес ПВ» ЖШС – ң басшысы Мамаев Нұрлан Сидағалиұлы шақырылып, Химиялық және биологиялық қауіпсіздігі негіздері пәні бойынша қызықты дәріс оқыды.

Дәрістің мақсаты – студенттерді кәсіпорынның қызметімен таныстыру, мекеме мамандарының тәжірибесімен бөлісу, практикалық дағдыларды білу маңыздылығы туралы түсінік беру. Өндіріс маманы Н.С. Мамаев өз дәрісінде өндірістегі химиялық және биологиялық қауіпсіздік техникасына, атап айтқанда, оның өнімділігін төмендетпей еңбек қауіпсіздігі мен зиянсыздығын қамтамасыз етуге басты мән берді. Ол өндірісте жарақаттанудың алдын алуға, адам ағзасына зиянды заттардың әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды түсіндірді. «Кенес ПВ» ЖШС – нің басшысы Н.С. Мамаевқа алғысымызды білдіреміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz