22.04.25 жылы «Құқық» кафедрасының институтымыздың 25-жылдық мерейтойына арналған шараларының бірі ретінде ұйымдастырылған дөңгелек үстелі өтті. Тақырыбы: «Сапалы заңгерлерді дайындаудағы ЖОО-ның өзекті проблемалары» деп аталады. Дөңгелек үстелге республикамыздың басқа өңірлерінің ғалымдары мен оқытушылары және біздердің жұмыс берушілеріміз қатысты. Негізгі баяндамашылар Серікқазы Төлеуұлы Әбдірахманов — заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Қонаев Университетінің Дуалды оқыту орталығының бастығы; Саханова Нелли Талапқызы — заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы; Телибеков Бақытбек Арықбайұлы — заң ғылымдарының кандидаты, Ақтөбе Баишев университетінің «Құқық» кафедрасының профессоры; Телибекова Ирина Мендигереевна — заң ғылымдарының докторы, Ақтөбе Баишев университетінің «Құқық» кафедрасының профессоры. Дөңгелек үстелде заң саласындағы жоғары білікті және сұранысқа ие мамандарды даярлау барысында жоғары оқу орындарының алдында тұрған негізгі мәселелер мен сын-қатерлерді талқылау, сондай-ақ заңгерлік білім беру сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу туралы мәселелер қарастырылды. Шара жоғары деңгейде өткезілді, өз мақсатына жетті.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz