2025 жылдың 22-сәуірінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде өтетін «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты іс-шаралар апталығының аясында Білім және менеджмент институтының «Тарих және құқық» кафедрасы 6В01601-Тарих білім беру бағдарламасының ИСТ-311, ИСТ-211 топ эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы туристтік қауымдастығының басшысы Курумбаев Айболат Шамұратұлымен «Мәншүк Мәметованың алғашқы ескерткіші туралы архивтік деректер» тақырыбында кездесу өткізілді.
Шараның мақсаты – жас ұрпақты шынайы отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулып, Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова есімін дәріптеп, зерттеу арқылы тарихымызға үлес қосу.
Кездесу барысында Айболат Шамұратұлы Кеңес Одағының батыры Мәншүк Маметованың алғашқы ескерткіштерін зерттеу барысында табылған архивтік құжаттарды шараға қатысушы білім алушылар мен оқытушыларға таныстырып, тың, әрі құнды тарихи деректерімен бөлісті.