2025 жылдың 22 сәуір Салалық технологиялар институтының акт залында Жалпы білім беру пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмас» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция оздырылды. Конференция жұмысына Салалық технологиялар институтының профессор оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. Жалпы аталмыш конференция аясында барлық білім беру бағдарламасынан іріктелген 13 баяндама тыңдалды. Айта кетсек іріктеліп шыққан ББ «Электроэнергетика», «Сәулет», «Қоршаған ортаны қорғау және өмір сүру тіршілігінің қауіпсіздігі», «Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу», «Құқықтану», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар».

Конференция жұмысында төмендегі баяндамалар тыңдалып талқыланды:

1) Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

2) Орал әйелдерінің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі

3) Біздің аталарымызды мақтан тұтамыз

4) М.Маметова – Батыстың біртуар батыры және т.б.

Конференцияның қазылар алқасы құрамында -х. ғ. д., профессор Бурахта В. А., т. ғ. к., Тұрлыбаев ф.ғ. к.,.профессор Кульматов С. Я. болды.

Студенттік ғылыми-практикалық конференция қорытындысы бойынша студенттер дипломдармен алғыс хаттармен марапатталды. Аталмыш конференцияда орын орған студентер:

1 орын – Суханбердина Дана Юр-12 тобының студенті

2 орын – Кайыргали Ерсаят Арх-15 және Нургалиева Мадина. «Арх-12» тобының студенті

3 орын – Сәлімгерей Бекзат Эл-11, Спашев Армат «БЖД-11» және Филиппов Данил ОП-12 тобының студенті.

Белсенді қатысқаны үшін қалған конференция қатысушылары белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.