2026 жылғы 19 ақпанда «Құқық» кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарына сәйкес №2, №52, №20, №26, №33 орта мектептері мен Серебряково кентіндегі орта мектептің 11-сынып оқушылары арасында «Жастар және заң» атты құқықтық викторина өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ олардың кәсіби өзін-өзі айқындауына ықпал ету және заңгерлік білімді таңдауға деген ынтасын күшейту. Викторина барысында қатысушылар конституциялық, азаматтық және қылмыстық құқық салалары бойынша білімдерін көрсетіп, заң нормаларын тәжірибеде қолдана білу дағдыларын танытты.
Викторина қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I орынды №21 ЖОББМ «Құқықтық ұрпақ» командасы иеленді, жетекшісі – Сагидуллина А.Н.;
II орын – №33 ЖОББМ «Тәртіп» командасы, жетекшілері – Махметова Р.А., Куаншалиева Л.Ж.;
III орын – №2 ЖОББМ «Құқық лигасы» командасы, жетекшісі –Ихсанова А.Ж.
Сонымен қатар жекелеген номинациялар бойынша марапаттар табысталды:
– «Құқықтық сауаттылық үшін» – №52 ЖОББМ «Фемида» командасына, жетекшісі – Тлегенов Е.У.;
– «Құқықтық сауаттылық үшін» – №20 ЖОББМ «Зерде» командасына, жетекшісі – Сундеткалиева И.Е.;
– «Жеңіске деген жігері үшін» – Серебряково орта мектебінің «Заңның үштігі» командасына, жетекшісі –Неткалиев Р.И.
Жетекші мұғалімдер оқушыларды дайындағаны және іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Викторинаны өткізу кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімді түрі болып, институт пен қала мектептері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.


