2026 жылдың 18 ақпан күні ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында «Тамақ өнеркәсібіндегі коллоидтық химия. Тағам өнімдері дисперстік жүйелер ретінде» тақырыбында 6В07205 Технология және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасының білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – тағам өндірісіндегі коллоидтық жүйелердің рөлін түсіндіру, өнім сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ғылыми негіздерді талқылау. Атап айтқанда, дисперстік жүйелердің қасиеттері, эмульсиялар мен гельдердің тұрақтылығы, тағам өнімдерінің құрылымы мен сақталу мерзіміне әсер ететін факторлар қарастырылды.
Білім алушылар тамақ өнімдерінің бүліну себептерін, оларды сақтау шарттарын, қоспалардың әсерін және қауіпсіздік талаптарын талқылады. Сондай-ақ, заманауи өндірістік технологиялар мен зертханалық талдау әдістері, өнімнің қауіпсіздігін бақылау, санитарлық нормаларды сақтау және заманауи зерттеу әдістерін қолдану мәселелері қозғалды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар белсенділік танытып, өзара білімдерімен алмасып, кәсіби көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік алды. Іс-шара танымдық әрі мазмұнды өтті.


