Шахмат – бұл өмір бойы қолданылатын ақыл-ой қабілеттерін дамытатын шексіз жаттығулар: шоғырлану, сыни ойлау, абстрактілі ойлау, мәселелерді шешу, бейнелерді тану, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық, талдау, синтез және бағалау.
2024 жылғы 9 ақпанда «Орал» спорт клубында Интернационалист жауынгерлерді еске алу күніне, кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына арналған шахматтан ерлер мен әйелдер арасында «65 +» қалалық ашық турнир өтті.
Турнирдің матчтық сайыстары қызықты және ымырасыз күресте өтті.
Аталған турнирге жалпы білім беру пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Н.М.Қадырғалиев қатысып, 1 орынға ие болды.
Лайықты жеңісіңізбен құттықтаймыз, одан әрі қызықты жекпе-жектер тілейміз!