2025 жылдың 24 қазанында БҚИТУ мен Батыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум және Құқық кафедрасының жұмыс жоспары аясында, 6В04202 – Құқықтану мамандығының 2-3 және 4-курс студенттеріне арналған қонақ дәрісі өткізілді.

Іс-шараға БҚО адвокаттар алқасының мүшелері — Таужанова А.М., Сарсенова Т.Б. және Карагойшиев Е.А. қатысты.

Дәріс тақырыбы: «Қазақстан Республикасында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудағы адвокаттың рөлі». Бірінші семестрде «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары», «Қазақстан Республикасындағы адвокатура», «Заңгердің кәсіби этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті» пәндері бойынша тәжірибелі адвокаттардың дәрісі ерекше қызығушылық тудырды. Бұл мамандар құқық қорғау органдарында және адвокатура саласында көпжылдық тәжірибеге ие.

Модератор – Құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Рахметов Т.Х. Ол дәріс басында қонақтарды таныстырып өтті:

– Таужанов Акылбек Мекеевич — ішкі істер органдарының ардагері, полиция подполковнигі (запаста), тергеушіден бастап Орал станциясындағы ЖІІБ тергеу бөлімінің бастығына дейін қызмет атқарған, университет құрылған күннен бастап 25 жыл бойы СТИ оқытушысы, 20 жылдан астам тәжірибелі адвокат.

– Сарсенова Тамара Балғабайқызы — прокуратура ардагері, әділет кеңесшісі, зейнеткер, 20 жылдан астам уақыт бойы ІІМ, Мемлекеттік тергеу комитеті және прокуратура органдарында қызмет еткен. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды (кісі өлтіру, қарақшылық және т.б.) тергеумен айналысқан. Қазіргі уақытта 9 жылдан бері адвокат болып жұмыс істейді.

– Қарагойшиев Ертай Амангелдіұлы — полиция подполковнигі (запаста), ішкі істер органдарының ардагері, учаскелік инспектордан бастап БҚО анықтау басқармасы бастығының орынбасары және Жәнібек аудандық ІІБ бастығына дейін қызмет атқарған. 9 жылдан бері БҚО адвокаттар алқасының мүшесі әрі оқытушы.

Құқық қорғау органдарында және адвокатурада жинақталған мол тәжірибесі бар дәріскерлер студенттердің назарын бірден аударды. Адвокаттар өздерінің нақты тәжірибелерінен мысал келтіре отырып, қылмыстық іс жүргізудегі адвокаттың рөлі, оның өкілеттігі, құқықтары мен міндеттері туралы айтып берді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 66 және 70-баптарына сәйкес адвокаттың қорғаушы ретіндегі жауапкершілігі түсіндірілді.

Өз сөздерінде адвокаттар ҚР Конституциясының нормаларының тәжірибеде жүзеге асырылуы туралы баяндады. Атап айтқанда, Конституцияның 13-бабы 3-тармағына сәйкес, әрбір азаматтың білікті заң көмегін алуға құқығы бар екені, сондай-ақ 16-бабы 3-тармағына сәйкес, ұсталған немесе айып тағылған әрбір адамның ұсталған немесе қамауға алынған сәтінен бастап адвокаттың көмегін пайдалану құқығы бар екені айтылды. Бұл құқықтар адамға өз конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Адвокаттар студенттердің барлық сұрақтарына жауап беріп, оларға оқуда сәттілік, білімге ұмтылыс тіледі, әрі тәжірибеден өтуге және оқу бітірген соң адвокаттар алқасына жұмысқа орналасуға шақырды.

Дәріс соңында профессор Т.Х.Рахметов құқық кафедрасының барлық оқытушылары мен студенттері атынан қонақтарға алғыс білдіріп, оларды Қазақстан Республикасы күнімен құттықтады, еңбекте табыс пен отбасылық амандық тіледі.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz