Университетіміз Ұлттық мереке – Республика күнін атап өтті. Салтанатты жиынға университетіміздің құрылтайшысы бастаған ғалымдар мен профессор-оқытушылар құрамы және студент жастар қатысты. Жиында арнайы сөз алған университет ректоры Шакешев Бекбулат Темержанұлы ғылыми қауымға ізгі тілегін арнап, жоғары білім саласында жемісті қызмет еткен бірқатар профессор-оқытушылар құрамын ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің төсбелгілері мен Құрмет грамотасымен, сондай-ақ Алғыс хаттарымен марапаттады.

Сонымен қатар Республика күні мерекесіне орай Ғылым және білім саласында көп жылдар табысты еңбек етіп жүрген университетіміздің бір топ оқытушылары мен қызметкерлерін, белсенді студенттерін Батыс Қазақстан облысы әкімінің, Орал қаласы әкімінің және университет ректорының алғыс хаттарын  оқу орнымыздың бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың м.а. Машанова Самал Амангельдиевна табыс етті. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz