2025 жылдың 29-сәуірінде «Қаржы және экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен ауған соғысының ардагерлері Тлеуов Замир Нурекешұлы және Жамангарин Самат Болатұлымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.

Оқ пен оттың ортасынан оралған ардагерлер үшін Ауғанстан жазылмас жан жарасына айналды, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Сондықтан да жас буынға ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге  тәрбиелеу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.

Кездесу барысында институттың білім алушыларының орындауларында патриоттық әндер шырқалды, ардагерлер өмірбаяндарын, соғыста бастан кешкендерін айтты, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді, білім алушылар ерлік, бейбітшілік туралы дайындаған өлең жолдарын оқып берді.

Ардақты ағаларымызға ыстық лебіз бен құрмет белгісі ретінде  алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.