Университеттің 25 жылдық мерейтойына, академик Қ. Сатбаевтың туған күніне және БҚИТУ ғылымының онкүндігіне орай ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Құқық кафедрасында «Құқықтық қатынастарды цифрландыру: сын-пікірлер мен перспективалар» тақырыбында ғылыми-практикалық студенттік конференция өткізілді. Конференцияға кафедраның ПОҚ, Құқықтану және Сот-прокурорлық қызмет ББ білім алушылары қатысты.

Студенттік ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты құқықтық қатынастар саласына цифрлық технологияларды енгізуге байланысты өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылау, цифрландырудың заңнаманы дамытуға, құқық қолдану практикасы мен азаматтардың құқықтық санасына әсерін зерттеу, сондай-ақ цифрлық трансформация жағдайында заң ғылымы мен практика алдында ашылатын жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді анықтау болып табылады.

Конференция баяндамашылары ғылыми жетекшілермен бірлесіп дайындалған тақырыптар бойынша жұмыстар ұсынды. Талқылауда құқықтық қатынастарды цифрландыру және киберқауіпсіздікті құқықтық реттеудің маңызды сұрақтары мен өзекті мәселелері қозғалды. Конференция қорытындысы бойынша комиссия тақырып бойынша үздік баяндамаларды атап өтіп, салтанатты түрде диплом және сертификаттармен марапаттады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz