“Сәулет және құрылыс” кафедрасының 2 курс студенттері, 6В07303 Жерге орналастыру және кадастр білім беру бағдарласы “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына барды.

Студенттерді жетекшісі Руслан Аманжолұлы Мұхамбеталиев қарсы алып, ұйымның құрылуы мен жұмыс істеу барысы туралы айтып берді. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жер учаскелерінің шекараларын анықтау, елді мекендердің шекараларын өзгерту жобаларын әзірлеу, елді мекендердің шекараларын жергілікті жерге орнату – мұның бәрін жерге орналастырушылар, геодезистер мен картографтар жүзеге асырады. Топырақтанушылар топырақ және геоботаникалық зерттеулер жүргізеді, топырақ бонитетінің балын анықтайды, жер учаскелеріне паспорттау жүргізеді, мемлекеттік жер кадастры туралы мәліметтер береді.

Білім алушылар үшін бұл өз ісінің мамандарымен танысудың, өндіріс процесі туралы көбірек білудің, құжаттаманы зерделеудің бірегей мүмкіндігі. Ең қабілетті, тіпті осы кезеңде де жұмысқа шақырылуы мүмкін.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz