Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған  күні -12 сәуір Қазақстанда Ғылым қызметкерлері күні ретінде белгіленген. Осыған орай Салалық технологиялар институтының білім алушыларымен  ғалымның  мұрасын насихаттауға бағытталған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында  доктор PhD, А.А.Кажияхметова білім алушыларды  Кеңес одағының ғалым-геологы, ғылым ұйымдастырушысы және қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі және Қазақ ССР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті – Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен қызметімен таныстырып өтті. Шара барысында дөңгелек үстелдің қатысушылары баяндамалар мен презентациялар дайындап, ғалымның өмірі туралы көптеген қызықты деректермен танысты.  

Шара соңында  білім алушылар «Қаныш» деректі фильмін тамашалады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz