27.01.2025 жылы кафедрамыздың аға оқытушысы Г.К.Куатбек 6В04202-Құқықтану білім беру бағдарламасының білім алушыларына «ҚР Қылмыстық процесстік құқығы» пәнінен ашық сабақ өткізді. Тақырыбы: Қылмыстық процесс қағидаттары. Сабақтың мақсаты қылмыстық процесс қағидаларымен таныстыру: – Студенттерді қылмыстық процестің негізгі қағидаларымен (заңдылық, сот төрелігінің тәуелсіздігі, кінәсіздік презумпциясы, жариялылық, жарыспалылық, т.б.) таныстыру. Әр қағиданың мәнін ашу: мағынасын, мәнін және қылмыстық процестегі маңыздылығын түсіндіру. – Қағидалардың жүйесін түсіну: Қылмыстық процесс қағидаларының өзара байланысын және олардың біртұтас жүйе ретінде жұмыс істейтінін көрсету. Сабақ барлық талаптарға сай өткізілді, білім алушылардың белсенділігі өте жоғары болды. Оқытушының да ұстаздық шеберлігі және жұмыс өтілінің нәтижесі көрініп тұрды. Дәстүрлі нысанда өткізілген дәріс сабақ алдына қойған мақсатына жетті, сабақта интерактивті тақта, слаид презентация, нормативтік құқықтық актілер, есептер және кодекс пайдаланылды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.