2023 жылдың 5 қазанында «IT Group Kazakhstan» ЖШС 6В06104 «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» БББ бірінші курс білім алушыларына WEB сайттарды тез құрастыру бойынша тренинг ұйымдастырды. Білім алушыларға Салалық технологиялар институты, «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының аға оқытушылары А.Б. Кайранбаева және А.М. Ғайнешова жетекшілік етті.
Тренингтің мақсаты студенттерге WEB сайттарын құрудың даму принциптерін үйрету. Тренинг барысында студенттерге қарапайым құралдардың көмегімен WEB сайттарын жасау жолдары көрсетіліп, сайт стилін дұрыс таңдауды үйретті. Тренинг барысында текшелер принципі қолданылды.
Студенттер WEB сайттарын құру саласында жаңа білім мен тәжірибе алды.

