Салалық технологиялар институтының кітапханасында 1-курс студенттеріне кітапханамен таныстыру мақсатында экскурсиялар жүргізілді. Экскурсия барысында кітапхананың электронды ресурстары мен қызметтерін пайдалану ережелері таныстырылды. Электронды катологпен жұмыс жасау, қашықтықтан қолдануға болатын деректер базасында ақпарат іздеу бойынша кеңестер берілді.


