2026 жылғы 24 сәуірде БҚИТУ СТИ Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту бойынша Академиялық комитеттердің отырыстары өтті. Отырыстарда 6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, 6В09103 Ветеринария, 6В09104 Ветеринария (ББББ), 6В09105 Ветеринария зооинженерия негіздерімен, 7М09101/7М09102 Ветеринариялық медицина, 6В07205 Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі білім беру бағдарламалары қарастырылды. Академиялық комитеттердің қызметі білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға және олардың мазмұнын еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес жүйелі түрде жаңартуға бағытталған.

Отырыс барысында Батыс Қазақстан облысы жұмыс берушілерінің сұраныстарына ерекше назар аударылып, аймақтық жаңа мамандықтар Атласы аясындағы басым бағыттар мен қажетті құзыреттер ескерілді. Бұл білім беру бағдарламаларының мазмұнын өңір экономикасының нақты қажеттіліктеріне бейімдеуге және олардың практикалық маңызын арттыруға мүмкіндік берді.

Жиынға кафедраның жетекші оқытушылары мен ғалымдары, студенттер мен магистранттар, сондай-ақ жұмыс берушілер мен салалық ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында «AVENCOM» ЖШС, ҚР АШМ ВБК «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК БҚО филиалы, «ҚазҒЗВИ» ЖШС Батыс Қазақстан филиалы, «Кеңес ПВ» ЖШС, БҚО бойынша Экология департаменті, «Ақ Берен» кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Батыс Қазақстан облыстық филиалы, «Белес Агро» ЖШС, сондай-ақ ҚР ТЖМ БҚО ТЖ департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бар.

Талқылау барысында кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері, білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны қарастырылып, 2026-2027 оқу жылына арналған элективті пәндер тізімі өңір жұмыс берушілерінің сұранысына сәйкес қалыптастырылды. Сонымен қатар пәндердің атаулары мен күтілетін оқу нәтижелері нақтыланды.

Отырыстар қорытындысы бойынша білім беру бағдарламалары мен элективті пәндер каталогтарына қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған жаңа пәндерді енгізу туралы шешім қабылданды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz