Ұстаздар күні – педагогика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі биылдан бастап 5 қазан болып ресми түрде бекітілді. Осыған орай
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде жылдағы дәстүр бойынша салтанатты мерекелік кеш өтті. Осы ең ізгі, ең киелі мамандыққа қатысы бар барша ұстаздар қауымын университет ректоры т.ғ.к. Б.Т. Шакешев құттықтап, бір топ оқытушыға Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласы әкімдерінің Алғыс хаттарын табыс етті.
Университеттің бірінші проректоры, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор С.А. Машанова еліміздің білім саласының дамуына айрықша үлес қосып жүрген бір топ профессор-оқытушылар құрамын ректордың алғыс хатымен марапаттап, жоғары кәсібилігі мен қарқынды еңбегі үшін ризашылығын білдірді. Ұлағатты ұстаздар ұлықталған тағылымды шара студенттер дайындаған мерекелік концертпен түйінделді. Білім алушылар ұстаздар қауымына ән-жыр арнап, ілтипат танытты.
БҚИТУ тәрбие бөлімі




