2023 жылдың 03-06 қазан аралығында «Қаржы және экономика» кафедрасының ұйымдастырумен бухгалтерлер күніне орай «ӨЗІНЕ СЕНІМДІ АДАМ ТАБЫСҚА ДА ҰМТЫЛАДЫ» ұранымен апталық ұйымдастырылды. Апталық барысында бухгалтерлік «Есеп және аудит» ББ бойынша білім алушылар «Технодом Оперейтинг» АҚ-да өндірістегі бір күндік саяхатта бухгалтерия бөлімінің алғашқы құжаттармен және 1С бухгалтерия платформасының жұмысымен танысты.
04.10.2023 жылы «Қаржы және экономика» кафедрасының бір топ оқытушылары, «Есеп және аудит» білім бағдарламасының студенттерімен «Бухгалтер мамандығының сыры мене қыры» тақырыбында семинарға (Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі базасында)қатысты.Жетекші мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп,семинар дөңгелек үстел форматында өтті.
05 қазан күні кафедра филиалы болып табылатын «TRISTAR» ЖШС-де тәжірибелік бағыттағы сабақ өткізілді. Дәріс сабағын Хрысев Д.Н. жүргізіп, сабақ соңындағы кері байланыс студенттермен сұрақ-жауап түрінде оздырылды.
06 қазан күні білім алушыларға «Стать Уорреном Баффетом» атты танымдық фильм көрсетіліп, апталық қорытындысы бойынша белсенді студенттер алғыс хатпен марапатталды.



