2023 жылдың 20 сәуірінде БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ БҚФ Батыс Қазақстан филиалының менеджмент және маркетинг жүйелерінің сәйкестігін растау бөлімінің бастығы Анисимова Марина Борисовнамен кездесті.

Тәжірибе маманы «Сапа ұғымының генезисі. Қазақстан Республикасында техникалық реттеу жөніндегі жұмыстарды дамыту» тақырыбында студенттерге сапаның не екенін, неге біздің қауіпсіздігіміз күнделікті өмірде қолданатын өнімнің сапасына байланысты екенін туралы түсіндірді. Білім алушылар менеджмент жүйесінің қолданыстағы стандарттары туралы, кәсіпорындарда сапаны басқарудың ыңғайлылығы үшін ұйымдастырылған интеграцияланған жүйенің маңыздылығы туралы ақпарат алды.

Дәріс өте қызықты, өзекті және жоғары деңгейде өтті. Студенттер сұрақтар қойып, кері байланыс орнатылды және қозғалған мәселелер бойынша пікірталастар белсенді жүргізілді. Дәріскер тыңдаушылардың барлық сұрақтарына жауап бере отыра өзінің кәсіби қызметінің жеке тәжірибесінен көптеген мысалдар келтірді.

«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ БҚФ Батыс Қазақстан филиалының маманы М.Б. Анисимоваға ЖОО-ның білім беру үрдісіне қатысқаны үшін алғыс білдіреміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz