Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі Н.Ж. Султаниязова 2023 жылдың 30 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастырған «ҚР Жоғары оқу орындарындағы психологиялық қызметті дамыту» атты республикалық форумға қатынасты. Аталмыш форумның мақсаты – жоғары оқу орындарындағы психологиялық қызмет секторының жұмысын дамыту, тәжірибе алмасу психолог мамандардың әлеуетін арттыру, психологтардың студент жастармен жұмыс процессін оңтайландыру, жастардың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешу жолдарын ұсыну. Форумды Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректоры Д.Н. Билялов құттықтау сөзбен ашты. Форум барысында республикалық жоғары оқу орындарында психологиялық қызмет көрсетуді дамыту және интеграциялау (п.ғ.к. доцент Кусаинова М.А.) мәселелері талданып, барлық жоғары оқу орындарында студенттерге психологиялық қызмет көрсету кабинетінің қажеттілігі пысықталды. Спикер А.Т. Мусанова қазіргі студенттің тұлғалық мінездемесін көрсететін «Студенттің психологиялық портреті» презентациясын ортаға салды. Шарада оқу орны ғалымдары «Шабыттан» психологиялық дәптерінің тұсаукесерін жасап, қатысушыларға ұсынды.