2026 жылдың 30 қазан күні 6В07201 Мұнай-газ ісі және 6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламаларының білім алушылары кітап оқу шарасы аясында Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына барды. Шараның мақсаты – білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру және білім көкжиегін кеңейту. Кітапханаға саяхат барысында білім алушылар кітапхананың бай қорымен, түрлі бағыттағы әдебиеттермен және танымдық басылымдармен танысты.
Кітап оқу – білім мен тәрбиенің маңызды көзі. Ол адамның дүниетанымын кеңейтіп, ойлау қабілетін дамытады және сөздік қорын байытады. Осы орайда кітапханаға бару білім алушыларға жаңа әдебиеттерді танып-білуге, пайдалы ақпарат алуға және кітап оқуға деген ынтасын арттыруға мүмкіндік берді. Мұндай танымдық шаралар жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Шара мазмұнды өтіп, білім алушылардың кітапхананың білім мен руханият ордасы ретіндегі маңызын тереңірек түсінуіне мүмкіндік жасады

