Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде студенттер арасында Counter-Strike 2 ойыны бойынша киберспорт турнирі өтті. «Digital Qazaqstan Day – 2026» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған жарысқа институттың сегіз командасы қатысты.
Қатысушылар ойын шеберлігін, тактикалық дайындығын және командалық үйлесімділігін көрсетті. Тартысты матчтар командалардан жылдам әрекет етуді, бірлесіп шешім қабылдауды және күрделі ойын сәттерінде сабыр сақтауды талап етті.
Жарыс қорытындысы бойынша PULSE командасы жеңіске жетіп, турнирдің екі дүркін чемпионы атанды. Команда мүшелері жоғары дайындық деңгейін тағы да дәлелдеп, чемпиондық атақты иеленді.
Жеке шеберлігімен және командасының жетістігіне қосқан үлесімен ерекшеленген Муслим Хайрахметов турнирдің үздік ойыншысы — MVP деп танылды.
Турнир студенттік киберспорттың дамуына, білім алушылар арасындағы өзара байланысты нығайтуға және командалық ойын мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарды құттықтап, барлық командаға белсенді қатысқаны және жеңіске деген жігері үшін алғыс білдіреді.



