KAZENERGY қауымдастығының техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудағы мақсаты қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қоғамдық ұйымдар мен мұнай-газ және энергетика секторы компанияларын тікелей тартуға және қатысуға бағытталған.

KAZENERGY қауымдастығы мұнай-газ және энергетика секторының 80-нен астам компаниясын біріктіреді, олардың ішінде бүгінде елімізде ірі жұмыс берушілер бар.

Еліміздің кадрлық резервін кеңейту мақсатында қауымдастық өз өмірін елдің мұнай-газ және энергетика саласымен байланыстырғысы келетін қазақстандық жастарды қолдайды.

Перспективалы, белсенді, үміт артатын студенттер мен бейінді оқу орындарының оқушылары “KAZENERGY” қауымдастығынан атаулы гранттар мен шәкіртақылар ала алады. Сонымен қатар, ғылыми-білім беру қызметін қолдау үшін техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің мұнай-газ және IT пәндерінің оқытушылары үшін гранттар қарастырылған.

Жыл сайын инженерлік-гуманитарлық факультетінің студенттері конкурсқа қатысады және KAZENERGY Білім беру гранттарының иегерлері болып табылады

“KAZENERGY” қауымдастығының шәкіртақылары мен гранттарына конкурсқа қатысу үшін сайтта тиісті сауалнаманы толтыру қажет https://www.kazenergy.com/ru/

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz