2024 жылдың 03-12 маусымы аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика және психология кафедрасының 7 профессор-оқытушылары Султаниязова Н.Ж., Қадыржанова Ж.Е., Халикова Б.Т., Амангелдиева Б.Н., Нурмуканбетова В.Е., Мамбеталиева А.З., Қабди Ж.С. Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Каподистрия атындағы Афина Ұлттық университетімен бірлескен жобаның «Инклюзивті білім беру моделі» тақырыбында ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курс барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  • Инклюзивті білім беру анықтамасы
  • Инклюзияның негізгі принциптері
  • Инклюзивті білім берудің тұжырымдамалары мен құндылықтары
  • Инклюзивті білім берудің артықшылықтары
  • Көлбей және тікелей өтулер және ересек өмірге дайындық

Инклюзияның негізгі алғышарттары:

  • «Ерекше» және «қалыпты» деген балалар болмайды.
  • «Ерекше» және «қалыпты» әлем немесе күнделікті өмір болмайды.
  • Балаларда айырмашылықтардан гөрі ұқсастықтар көп.
  • Жақсы дайындалған педагогтар барлық балаларды оқыта алады.
  • Кеңістіктік сегрегация білім беру мүмкіндіктерінің теңдігін бұзады.

Инклюзия: барлық білім алушыларға қатысуға негізделген тең оқу тәжірибесін және олардың талаптары мен қалауларына барынша сәйкес келетін ортаны қамтамасыз ету мақсатында кедергілерді жою үшін білім берудегі мазмұнның, оқыту әдістерінің, тәсілдерінің, құрылымдары мен стратегияларының өзгерістері мен модификацияларын қамтитын жүйелі реформа үрдісі (Біріккен Ұлттар Ұйымы 2016: 11-параграф).

Семинарда инклюзивті бағдарланған қарапайым мектептер кемсітушілік көзқараспен күресудің, ізгі ниетті қарым-қатынасты қалыптастырудың, инклюзивті қоғам құрудың және барлығына білім берудің ең тиімді құралы болып табылатындығы туралы мәселелер талқыланды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz