Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университеті, Білім және менеджмент институты, Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Климова Л.А. ағымдағы жылдың 10-14 маусым аралығында Павлодар облысы, Баянауыл ауданында ұйымдастырылған «Culture of integrity in higher education» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық жазғы мектепке қатысып, сертификатқа ие болды.    

Мектептің ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі. Іс-шараның мақсаты – жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша білімдерін нығайту бойынша білім мен тәжірибені бекіту. Дәріс оқитын спикерлер ретінде Агенттіктің қызметкерлері, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өкілдері, бірқатар бағыттар бойынша сертификатталған тренерлер қатысты. Шара барысында жүзеге асыратын ғылыми жобалар қорғалып, еліміздің әр өңірінен келген мамандар тәжірибе алмасып, өз білімдерін жетілдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.