БҚИТУ «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары Баймуханова Б.К. мен Кадыржанова Ж.Е. 2024 жылдың 13-15 қыркүйегі аралағында Астана қаласында өткен «ХХІ ғасыр психологиясы» тақырыбындағы Халықаралық конгресске қатысты.
Конгрестің мақсаты – алдыңғы қатарлы ғылыми еңбектермен таныстыру, психология саласындағы ең өзекті мәселелер бойынша спикерлермен пікірталас жүргізу, жаңа бағыттар және танылған инсайттарды талқылау, жаңа коллаборациялар құру, тәжірибе алмасу және өсу. Конгресте эксперт ғалымдар мен практиктер психология саласының өзекті мәселелерін қозғады. Пленарлық отырыста ғылым мен практика тіліндегі психологиялық трендтер сөз болып, шақырылған спикерлер өз зерттеулерінің нәтижелерімен, өз салаларындағы бағалы білім және жетістіктерімен бөлісті. Конгреске Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Германиядан келген 200-ден астам адам қатысты. Конгрестің серіктестері ретінде Қазақстан Республикасының жетекші ЖОО-лары қатарындағы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің психология кафедрасы мен Астана медициналық университетінің ‑ Клиникалық психология кафедрасы қатысты.
Конгресс соңында «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары Баймуханова Б.К. мен Кадыржанова Ж.Е. ғылым саласындағы еңбектері үшін, халықаралық психология ғылымдары академиясының төралқасының шешімі бойынша «ХПҒА‑ның 25 жылдығы» мерекелік медалімен және конгрестің ғылыми және білім беру бағдарламасынан өткендігін растайтын сертификатпен марапатталды.
