12 қыркүйекте Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған университет Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Жолдауда әлеуметтік дамудың барлық негізгі мәселелері карастырылған, білім беру, денсаулық сақтау және бизнесті қолдау бағытында қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша шаралардың бағыттары көрсетілгенін айтып, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер оның сөйлеген сөздерінде үнемі алға қойып отырған мақсаттарымен байланысты деп Батыс Қазақ инновациялық-техникалық университетінің Ғылыми кеңесінің төрағасы, т.ғ.д., профессор Б.Т.Шәкешев өз сөзінде атап өтті.
Сонымен қатар «Экологиялық жағдайды жақсарту» баяндамасымен университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Абекешев Аянбек Иманбайұлы; «Ұлттық экономиканың даму аспектілері» атты баяндамасымен «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор Құрманова Гүлнар Құсайынқызы және «Жоғары білім беруді интернационалдандыру» тақырыбында «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қадырғалиев Нұрболат Меңдіғалиұлы баяндамалар жасалды.
Барлық қатысушылар атап өткендей, Жолдауда қазіргі қазақстандық қоғамның алдында тұрған өзекті мәселелер көтерілді. “Қаражатпен өмір сүру” несиелік және кепілдік міндеттемелерді жоспарлау кезінде әр отбасының әлеуметтік-экономикалық құрамдас бөлігінің негізгі постулаты болуы керек.
Педагогикалық ұжым мен студенттер Елбасының 2025 жылды «Көк жағалы кәсіптер жылы» деп жариялау туралы бастамасын оң бағалады.

