2024 жылы 16-ақпан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары Батыс Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану музейінде ұйымдастырылған Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған «Ауған – жүректе қалған із» атты көрменің ашылу салтанатына  қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану музейі қорында жинақталған құжаттық деректер арқылы 10 жыл уақытқа созылған зұлмат соғыстың әкелген зардабы туралы, жерлес жауынгерлердің Отан алдындағы борыштарын өтеудегі ерліктері туралы өскелең ұрпаққа насихаттау, ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында ашылған көрмеге білім алушылар ерекше қызығушылық танытты.

Шара барысында «Батыс Қазақстан облысы бойынша ауған соғысының мүгедек – ардагерлерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері өз естеліктерімен бөлісті.

Шараға қатысқан білім алушылар ауған соғысы ардагерлерін мерекемен құттықтап, тарихтың тағылымы туралы ақпарат алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz