2026 жылдың 5-6 маусым күндері Орал қаласындағы «Орал» спорт кешенінде Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен және Батыс Қазақстан футбол қауымдастығының ұйымдастыруымен жоғары және арнаулы оқу орындарының қыздар командалары арасында футболдан облыстық жарыс өтті.

Аталған додада Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қыздар құрамасы жоғары шеберлік пен командалық рухтың жарқын үлгісін көрсетіп, турнир қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді.

Жарыс барысында қатысушы командалар тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетіп, студенттік спорттың дамуына өз үлестерін қосты. Біздің спортшы қыздар табандылықтары мен жеңіске деген жігерінің арқасында жоғары нәтиже көрсетіп, университет намысын абыроймен қорғады.

Команданың жетістігіне үлес қосқан жетекшілер – аға оқытушы Жасқайратов А.Ж. және Зұлқарнаев Р.Б.-ға, сондай-ақ барлық қатысушыларға белсенді еңбегі мен кәсібилігі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

БҚИТУ қыздар құрамасын жарқын жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер, биік белестер және толағай табыстар тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz