2024 жылдың 23-24 сәуірде Павлодар қаласында Торайғыров университетінің «Көлік техникасы және логистика» кафедрасында 6В07101 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім алушылар арасында «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәні бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада ұйымдастырылды.

Олимпиадаға Қазақстанның 14 университетінең 32 білім алушылары қатысты. Олимпиада теориялық сұрақтар мен практикалық тапсырмалардан құралды. Біздің білім алушылар олимпиаданың барлық кезеңдерінде өз білімдері мен дағдыларын сәтті көрсетті және алғыс хаттармен марапатталды. Пән жетекшісі Ph.D, Омаров Акылбек Нурлыбековичке және белсенді қатысқан үшін білім алушыға алғысымызды білдіреміз.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz