«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен Республикалық «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 100 ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты талантты студенттердің байқауы өтті.

Ғылым, өнер, спорт саласында, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары жетістікке жеткен студенттердің бас қосқан аламанында «Құқық» кафедрасының 3 курс студенті Бүркітбаев Ұлан Жандосұлы топ жарып, 100 үздік студенттің қатарын толтырды.

Астана қаласында өткен қорытынды конференцияда ҚР белгілі тұлғаларының қолынан білім алушымыз төсбелгі мен куәлік, жүлделі марапаттар мен ҚР Тұңғыш Президент орталығынан сыйлық-кітап және студенттердің жетекшілеріне алғыс білдірілді.

Ұланға алдыңғы күндеріне тек қана жақсылық пен сәттілік тілейміз. Армандарың орындалсын, мақсаттарыңа қол жеткізіп жүре бер!

Жобаға қатысу барысында белсенді қолдау көрсеткені үшін жетекшісі з.ғ.м., аға оқытушы  А.Ж.Сарсеноваға алғыс білдіреміз.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz