2026 жылғы 28 қаңтарда Мұнай-газ инженериясы кафедрасында Удмурт мемлекеттік университетінің өкілі, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Полозов М.Б.-ның қонақ дәрісі өтті. Дәріс кафедра білім алушыларына арналды және «Қиын өндіретін кен орындарын игерудің технологиялық және экономикалық аспектілері» тақырыбына арналды.
Дәріс барысында лектор көмірсутектердің қиын өндіретін қорларын игерудің заманауи тәсілдерін жан-жақты баяндап, өндіруде қолданылатын технологияларға, инновациялық шешімдерге және кен орындарын игерудің экономикалық тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Күрделі геологиялық-техникалық жағдайларда кен орындарын игеру кезінде туындайтын негізгі проблемалар, сондай-ақ оларды әлемдік және отандық тәжірибені ескере отырып шешу жолдары қарастырылды.
Қонақ дәріс білім алушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, жаңа технологияларды енгізу перспективаларын және оларды әртүрлі кен орындары жағдайында қолданудың экономикалық тиімділігін талқылады.
Осындай іс-шараларды өткізу білім алушылардың кәсіби дүниетанымын кеңейтуге, жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтуға және мұнай-газ инженериясы саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.