2023 жылдың 4-қыркүйегінде Орал қаласында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған қалалық «Тілдің мерейі – елдің мерейі» атты дәстүрлі тіл фестивалі өтті.
Фестиваль аясында Тіл саясатын жүзеге асырудағы қоғамдық белсенділігі мен мемлекеттік тіл мәртебесін арттыруға үлес қосқан тіл жанашырлары марапатталды.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы Орал қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен, аға оқытушы Қуаныш Талап Таймасұлы Орал қаласының әкімдігі атынан «Қазақ тілінің жанашыры» төсбелгісімен марапатталды.
2023 жылдың 5 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған «Тіл- тұтастық туы» жалпыхалықтық тіл фестивалінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Қуаныш Талап Таймасұлы Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге қосқан елеулі үлесі мен адал қызметі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің алғыс хатымен марапатталды.
Әріптестерімізді марапатымен құттықтаймыз!