2023 жылдың 5 қыркүйегінде сағат 15.00-де Инженерлік-гуманитарлық факультетінің жалпы білім беретін пәндер кафедрасы «Қазақстан халқының тілі күні» патриоттық іс-шарасын ұйымдастырып, өткізді. Шараның мақсаты – халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы оқушылардың тіл білуге деген қызығушылығын ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Іс-шараның модераторы кафедраның аға оқытушысы Құрманова Ж.Б. сөйледі. Іс-шараға ОП6В07301 «Сәулет» 1 курс студенттері, 6В07201 «Мұнай және газ ісі» мамандығының студенттері, 6В11301 «Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру», 6В04202 «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенттері қатысты.
Құттықтау сөзімен жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қадырғалиев Н.М. Одан кейін филология ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ доценті Шканова Б.А. «Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің кепілі» атты баяндама жасады.
Іс-шараның ортасында, аға-оқытушы Құрманова Ж.Б. ЮР-21 тобының белсендісі Лайкова А.мен бірге «Қанатты сөздер» викторинасын өткізді.
Патриоттық шара бір демде өтті, студенттер қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Іс-шараның мақсаты орындалды.