2021-2022 оқу жылының 20 қазаны т.ғ.к., қау. профессор Г.М. Жазықбаева және аға оқытушы, магистр Д.Ж. Гумаров 6В11301-Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру және 6В07101-Көлік, көлік техникасы және технологиялары білім беру бағдарламасының «Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механизациясы» пәндерінің теориялық материалын игеру мақсатында «Белес-Агро» ЖШС-де ОП–31, ОП-32, ТТТ-31, топтарының білім алушылары үшін тәжірибеге бағдарланған сабақ ұйымдастырды.
Тәжірибеге бағытталған сабақ нақты практикалық тапсырмалар мен жаттығуларды орындау арқылы практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал етті. Ұсынылған мүмкіндік үшін «Белес-Агро» ЖШС басшылығына, сондай-ақ бас инженер Д.Д. Кереевке жемісті ынтымақтастығы үшін зор алғысымызды білдіргіміз келеді!

