2024 жылдың 19 наурызында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Білім және менедмент институтының “Шетел тілдер және аударма ісі” кафедрасының аға оқытушысы Самиғолла Нұржарқын Айболатқызы «ТЕО» Ағылшын тілі мұғалімдерінің қоғамдық бірлестігі мен Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының білім басқармаларымен бірлесіп “Teachers’ Aitys – ағылшын тілі мұғалімдерінің айтысы” сайысын ұйымдастырды. Сайыс барысында Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының ағылшын тілі мұғалімдері көпшілік алдында сөз сөйлеп, жеке және командалық тапсырмаларды орындап бақтарын сынады. Әділқазылар тізіміне Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің білікті оқытушылар мен шетелдік мамандар кірді. Сайыс өңіріміздегі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін шыңдауға, білім деңгейін дамытуға, көшбасшылық қабілеттерін арттыруға және талантты мұғалімдерді ынталандыруға бағытталған.



