2024 жылдың 20 наурызда мұнай-газ инженериясы кафедрасының эдвайзерлері:  Г.Е. Калешева, Е.Ж. Әшімова, Т.Н. Утеева білім беру бағдарламасы бойынша 6В07201 – Мұнай-газ ісі мамандығының білім алушыларымен бірге Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан Орталық әмбебап ғылыми кітапханасында бүгін ұлттық спорт күніне орай «Салт-дәстүр жараса, Наурыз келді жаңаша» атты Ұлттық спортқа арналған мәдени шараға барды.

Ұлттық спорт түрлері ойындарының өте кең тараған түрлері: қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту. Өйткені, ұлттық спорт түрлері-бұл біздің еліміздің бренді, біздің халқымыз ежелгі заманнан бері барлық мерекелерде жарыстар ұйымдастырып келеді. Спорттық ойындарға білім алушыларымыз атсалып қатысты. Іс-шара Ұлттық спортқа сипатта болды, білім алушыларға өте жақсы ұнап керемет көңіл күйде шықты. Іс-шара соңында кітапхана директорының орынбасары сөз сөйлеп, алғыс хаттар табыстады.

Ұйымдастырушыларға және іс-шараға қатысушыларға біздің қалалық кітапхананың өркендеуі үщін алғыс білдіреміз.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz