2024 жылдың 23-қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде тарих және құқық кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, Р.Б.Сулейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Ужкенов Ернар Мұратұлының «Тарих ғылымын зерттеудің жаңа тәсілдері» тақырыбындағы ашық дәрісі өтті.

Ернар Мұратұлы өз дәрісінде қазақ қоғамының тарихын жаңа сапа және мазмұнда зерттеп білуде жаңа методологиялық әдістерің маңызы ерекше екенін атап өтіп, ұлт тарихының түрлі кезеңдер мен түрлі жағдайда жүріп өткен жолын оқытудың тиімді жолы жаңа бағыттарына сүйену екенін атап көрсетті.

Дәріске университеттің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.  Дәріс тыңдаушылар тарапынан қызығушылық зор болып, олар өздерінің көптеген сұрақтарына жан-жақты жауап алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz