Құрметті университет оқытушылары, қызметкерлері, магистранттар мен студенттер, түлектер мен жұмыс берушілер!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының күні жалпыұлттық мерекесімен құттықтаймыз!
Республика күні – Қазақстанды Отаным деп санап, оның тарихымен, ата-бабаларының жетістіктерімен мақтанатын баршаның мерекесі. Халқымыздың даму шежіресі баршамызды қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға шабыттандырсын, қасиетті атамекенімізде бейбітшілік пен келісімді сақтауға ықпал етсін!
Өздеріңіз бен отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен келісім, еңбекте табыс, жаңа жетістіктер, тұрақтылық пен ұйымшылдық тілейміз!