2023 жылғы 11-13 қазан аралығында Тамбов мемлекеттік техникалық университетінде (ТМТУ) ЖОО-ның 65 жылдық мерейтойына орай мерекелік іс-шаралар өтті.
Мерекелік іс – шараларға «Энергетика, Автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының меңгерушісі В.П.Захаров және қауымдастырылған профессор Л.А.Садыкова қатысты.
11 қазанда «ГРАФЕН және онымен байланысты құрылымдар: СИНТЕЗ, өндіріс және қолдану» V Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы өтті.
12 қазан – «ЭкоГРИН» халықаралық жастар білім беру форумы – экологиялық жаһандық өңірлік бастамалар, оған «Электр энергетикасы» ББ 3 курс білім алушысы Данил Лысенко, ғылыми жетекші – Л.А.Садыкова «Энергетикалық объектілердің экологиялық ортаға әсері» презентациясымен қатысты. Ирак, Зимбвабве, Қазақстан және Қырғызстан елдерінен келген делегацияларға құттықтау сөзі берілді. Қазақстандық делегациядан қауымдастырылған профессор Ләззат Анатольевна Садыкова сөз сөйледі.
13 қазанда Тамбов театрында ТМТУ құрылғанына 65 жыл толуына арналған мерекелік іс-шаралар өтті. БҚИТУ ректораты мен ұжымының атынан Л.А.Садыкова мен В.П.Захаров құттықтау сөз сөйледі.
ТМТУ ректораты құттықтаулары үшін алғысын білдіріп, біздің жоғары оқу орындарының ынтымақтастығына табыс тіледі.


