25 сәуір 2023 жылы инженерлік-гуманитарлық факультетінің 6В07201/7М07201 – “Мұнай-газ ісі” БББ білім алушыларымен профессорлық-оқытушылық құрамы ЖШС “Жайықмұнай” мұнай құю терминалында ЕҚ және ТҚ инженері Андрей Георгиевич Зобниннің сүйемелдеуімен тәжірибеге бағытталған сабақты өткізді.

2009 жылы ЖШС “Жайықмұнай” Орал қаласында өзінің автоматтандырылған темір жол «құю терминалын» іске қосты. Қазіргі уақытта оған ЖШС “Жайықмұнай” өндіретін ішкі нарықта сатылатын мұнайдың және экспортқа жіберілетін конденсаттың барлық көлемі келіп түсуде. Терминалдың өткізу қабілеті жылына шамамен 4 миллион тонна мұнай мен конденсатты құрайды. ЖШС “Жайықмұнай” кен орнында және темір жол құю терминалында орналасқан, жалпы көлемі 30 000 текше метрден асатын сұйық көмірсутектерге арналған бірқатар қоймалары бар.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz