БҚИТУ Инженерлік-гуманитарлық факультеті басшылығының қолдауымен 2023 жылдың 20-21 сәуірінде ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 2 және 4 курс студенттері Джумабаева Жансая (БЖД-22О), Ажигалиева Аида (БЖД-42О) «Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде оффлайн-форматта өткен XV Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы, техника ғылымдарының магистрі Курмашева Гулшат Рахметуллаевна.

Ажигалиева Аида жақсы теориялық және практикалық дайындық көрсетіп, жүлделі III орынды иеленді! Джумабаева Жансая олимпиадаға қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаттады.

Студенттер мен ғылыми жетекшімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа белестерді бағындыра беріңіздер деп тілейміз! 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.