4-21 сәуір аралығында Орал қаласының жастар ресурстық орталығы, «Amanat» партиясының жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ ұйымдастыруымен, Орал қаласының әкімдігінің қолдауымен Орал қаласының студенттері арасындағы «ORAL JASTARY» фестивалі өткізілді.
Фестиваль мақсаты:
➢ Орал қаласының ЖОО және АОО білім алып жатқан студент жастарды біріктіріп, жаңа қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық толеранттылық пен рухани келісімге тәрбиелеу;
➢ Талантты жастардың мәдени, рухани дамуына, білім мен тәрбиесінің жетілуіне, шығармашылық өсуіне жағдай жасау.
Фестиваль келесі аталымдар бойынша өткізілді:
- Шағын футбол;
- Дәстүрлі ән бағытты бойынша өнер көрсету;
- Волейбол;
- Киберспорт;
- Эстрадалық ән;
- Шахмат;
- Үздік аспапта орындау аталымы бойынша өнер көрсету;
- КВН;
- Үздік көркем сөз шебері;
- Үстел теннисі;
- Хореографиялық аталым бойынша өнер көрсету.
БҚИТУ 4 жоғарғы, 22 арнаулы оқу орындарының арасынан командалық есеппен жүлделі ІІІ-орынды алды.
Университетіміздің студенттері келесі аталымдар бойынша жүлделі орындарға ие болды:
«Волейбол» спорт түрінен ІІ орын (БҚИТУ құрама командасы);
«Киберспорт» спорт түрінен І орын (Тәукенов Рахымжан, Шалабаев Аян, «Дене шынықтыру және спорт» ББ 1, 3-курс студенттері);
«Эстрадалық ән» номинациясы бойынша І орын (Жагпарова Дана, «Музыкалық білім» БББ 1-курс студенті);
Дәстүрлі ән бағыты бойынша өнер көрсету – ІІІ-орын (Биргалиев Мукагали, «Мәдени-тынығу жұмысы» ББ 2-курс студенті);
«Шахмат» спорт түрінен І орын (Иргалиев Алихан, «Мұнай-газ ісі» ББ 3-курсының студенті, Сарбупина Айнур, «Дене шынықтыру және спорт» ББ 3-курс студенті);
«Үстел теннисі» спорт түрінен ІІІ орын (Турсынбаев Сыйлыхан, «Дене шынықтыру және спорт» ББ 2-курс студенті);
«Хореография» жанрының «Заманауи би» бағыты бойынша ІІІ орын («Ару» би тобы).
Жеңімпаз студенттеріміз мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі
