Өткен аптада БҚИТУ салалық технологиялар институтының мұнай-газ инженериясы кафедрасының аға оқытушысы Г. Е. Калешева 6В07201 – мұнай-газ ББ бойынша 2-3 курс білім алушыларына арналған Пойма газ жинақтау станциясында тәжірибе бағытындағы сабақ өткізді.

Тәжірибеге бағытындағы сабақты өткізу кезіндегі мақсат, табысты кәсіби қызметті жоспарлай алатындай кәсіптік маңызды білім мен дағдыларды игеру болып табылды.

“Тәуекел” ЖШС 1997 жылы құрылған және мұнай-газ саласындағы көпсалалы, өндірістік-сауда кәсіпорны болып табылады. Негізгі міндеті-сұйытылған газды Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарына жеткізу.

Тәжірибеге бағытталған сабаққа ГНС шебері Ремизов Михаил қатысты, онда ол сығылған газды, пропан-бутан қоспасын – мұнай өндіру және өңдеу кезінде алынатын ілеспе газды (газ конденсатын тұрақтандыру өнімдері, мұнай өндіру кезінде ілеспе газ және табиғи газды (оны өңдеу кезінде) алу, пропан-бутанды сақтау, сұйытылған көміртекті газды төгуге, құюға және тасымалдауға арналған арнайы техника туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сабақ барысында білім алушылар М.В. Ремизовтың өндірісте кеңінен қолданылатын түсіндірмелерін үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Тәжірибеге бағытталған сабақ барысында білім алушылар өндірісті ұйымдастырумен, жаңа жабдықтармен және көмекші мамандықтар өкілдерінің жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.

Оқу процесінде білім алушылар кәсіпорын жағдайында өзін көрсете алады, бұл олардың арнайы пәндерді оқуға деген ынтасын күшейтеді, жаңа білім алуға және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Сабақ барысында білім алушылар белсенді түрде сұрақтар қойды, белсенді қатысқан НД – 32О тобы Рүстем Исмагуловқа ерекше алғыс айтқым келеді.

Салалық технологиялар институтының профессор-оқытушылар құрамы тәжірибеге бағытталған сабақ өткізуді ұйымдастырғаны үшін Михаил Владимирович Ремизовқа үлкен алғысын білдіреді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz