28.09.2023 жылы сағат 10:00-де 403 аудиторияда 6В11301- «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін «Үздіксіз жұмыс істейтін тиеу-түсіру машиналарының (таспалы конвейерлердің) санын есептеу» тақырыбында «Тиеу – түсіру жұмыстарының технологиясы және механизациясы» пәні бойынша т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Лариса Алексеевна Чурикованың ашық сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты тиеу-түсіру жұмыстарын кешенді механикаландыру құралы болып табылатын машиналардың әртүрлі конструкцияларымен танысу, таспалы конвейерлерді есептеу дағдыларын игеру, білім алушылардың осы проблемаларды шешуді, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуді көздейтін белгілі бір проблемаларға қызығушылығын ынталандыру болып табылады.
Практикалық сабақты өткізу барысында білім алушылар белсенді қатысты, сұрақтар қойды, пікірталас өткізілді.
Сабаққа КӘС және кафедраның ПОҚ қатысты, олар да практикалық сабақтың тақырыбына қызығушылық танытып, өз сұрақтарын қойды.
Практикалық сабақ заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізілді.