Қазіргі таңдағы университет өміріндегі маңызды міндеттердің бірі тұтас педагогикалық үрдіс құру болып табылады. Оның негізгі құрамдас бір бөлігі – тәрбие. Тәрбие ісімен айналыспас бұрын алдымен оның мазмұнын анықтап алу қажет.

Дәл осы мақсатта 2022 жылдың 12-15 қараша аралығында тәрбие ісі  жөніндегі проректор Абекешев Аянбек Иманбайұлы факультеттердегі академиялық топтардың эдвайзерлерімен кездесу өткізді.

«Оқу орнының студенттерінің тәрбие беру және жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау, оқу нәтижелері, оларға көмек көрсету мәселелеріне қатысты қанағаттанушылығы» тақырыбында ашық әңгіме алаңын өткізді.

Бүгінгі ауқымды да маңызды мәселелердің бірі – болашақ жастарды қандай идеологиялық негізде тәрбиелейміз, оның адамгершілік саналары мен әлеуметтік бағдары қандай болмақ деген сұрақтарға жауап беріп, оның жолдары мен әдіс – тәсілдерін көрсету.

Өз сөзінде тәрбие ісі  жөніндегі проректор Абекешев Аянбек Иманбайұлы студенттермен жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, эдвайзердің топпен танысқан кездегі алғашқы әсерінен олардың арасындағы өзара іс-қимылдың қаншалықты тез және сындарлы түрде қалыптасатынына байланысты екенін ерекше атап өтті. Мұнда эдвайзердің өзі туралы әсер маңызды рөл атқарады. Сондықтан, басынан бастап эдвайзер топтағы студенттермен шешім қабылдау кезінде мейірімділікке, құрметке және теңдікке бейімделуі керек. Өйткені, эдвайзер студенттік топқа студенттердің өзін-өзі көрсетуін жеделдетуге және сындарлы бағыт беруге, олардың жақындасуына ықпал етуге, «қабылданбағандардың» пайда болуына жол бермеуге және жастардың бір-біріне деген өзара төзімділігін арттыруға айтарлықтай көмек көрсете алады. Барлық осы процестер студенттердің эдвайзермен алғашқы кездесулері барысында қалыптасады.

Эдвайзер басынан бастап студенттермен өзара әрекеттесу ережелерін талқылау, мәселелерді талқылау және шешім қабылдау кезінде пікірталастар жүргізу пайдалы.

Соңында проректор А.И.Абекешев эдвайзерлерге қызметтерінде сәттілік тіледі!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.